Қазақстан географиясы
Қазақ елінің әкімшілік аудандарға бөлінуі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы — 2 727 300 км². Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1 %-ын құрайды. Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.
Quick Facts Әлем бөлшегі, Аймақ ...
Қазақстан географиясы | |
Әлем бөлшегі | Еуразия |
---|---|
Аймақ | Шығыс Еуропа, Орталық Азия |
Координаттары | 48° с.е., 68° ш.б. |
Аумағы |
|
Жағалау сызығы | 2 964 км |
Шекаралары | 12 012 км |
Ең биік нүктесі | 6 995 м (Хан Тәңірі) |
Ең төмен нүктесі | -132 м (Қарақия ойысы) |
Ірі өзені | Ертіс (1700) км |
Ірі көлі | Каспий |
Close