Қарахандықтардың өкімет ұйымы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарахандықтардың өкімет ұйымы — мемлекет басшысы — қаған — сонымен бірге Қарахан әулетінің басшысы болып есептелді, бірақ оның билігі іс жүзінде көбінесе «ілек» атағын алған үлестік билеушілермен шектелген еді. Әсірелеп «әлем билеушісі» (азұн тұтқушы) деп аталған хақанның сарай маңындағы адамдары мен шенеуніктерінің (тапұқшылар) штаты болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір саналды; оны деректемелер кейде атқосшымен, ал халық — сарайдың кермесінде дайын тұрған атпен салыстырады. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды және, мәселен, қарлұқтарда болған қол-еркін лауазымына қайсыбір тұрғыда жақын ұқсастығы да бар; ал Қарахан әулеті сол қарлұқтардың арасынан шыққан болатын. Қол-еркін лауазымының мәнісін Махмұд Қашғари кел- көсір ақыл-ой иесі деп түсіндіреді, бұған жоғарғы билеушінің кеңесші-қосшы билеушілері немесе «наместниктері» жатты.