1896 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жазғы Олимпиада ойындары 1896 (ағылш. 1896 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 1896, гр. Θερινοί Ολυμπιακοί Αγώνες 1896; ресми атауы — I Олимпиаданың ойындары[1]; өткізілу кезінде I Халықаралық Олимпиада ойындары деп аталған[2]) — қазіргі заманғы алғашқы жазғы Олимпиада ойындары. Афина (Грекия) қаласында 1896 жылдың 6 - 15 сәуір күндері аралығында өткізілді. Жарысқа 14 елден келген 241 спортшы қатысқан, әйелдерге жарысқа қатысуға рұқсат етілмеді.[1]
Quick Facts Ұйымдастырушы қала, Қатысушы елдер ...
I жазғы Олимпиада ойындары 1896 | |
I жазғы Олимпиада ойындарының плакаты. | |
Ұйымдастырушы қала | |
---|---|
Қатысушы елдер |
14 |
Атлеттер саны |
241 (ерлер - 241 , әйелдер - 0) |
Медальдар саны |
9 спорт түрінен 43 комплект |
Ашылу салтанаты | |
Ресми түрде ашқан |
Георг I |
Жабылу салтанаты | |
Олимпиада оты |
жоқ, 1936 жылдың ойындарында енгізілді |
Стадион |
Панатинаикос |
Close
Бұл Ойындардың қазіргі ойындардан көптеген айырмашылықтары бар — Олимпиада оты және алтын медальдарды тапсыру рәсімі сияқты дәстүрлер болған жоқ.[1].