2012 Жазғы Олимпиада ойындарының медалдар санағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының медалдар санағы кестесінде ұлттық олимпиада комитеттерінің (ҰОК) Ұлыбритания астанасы Лондонда болған 2012 Жазғы Олимпиада ойындарында жеңіп алған медалдар саны бойынша орындары көрсетілген. Ойындар 2012 жылдың 27 шілде мен 12 тамыз аралығында болады.
26 спорт түрінен 302 комплект медалдар үшін 10 500-ден астам атлеттер күш сынасады.[1]
Жарыс барысында 27 шілдеден бастап кем дегенде бір медал алған 85 ҰОК; кем дегенде бір алтын медал алған 54 ҰОК анықталды. Бахрейн[2], Ботсвана[3], Габон[4], Кипр[5], Гренада[6], Гватемала[7] және Черногория[8] алғаш рет Олимпиадалық медалдарын жеңіп алды. Оның ішінде Гренада мемлекеті алғаш рет алтынға ие болды.