Depeche Mode
From Wikipedia, the free encyclopedia
Depeche Mode (Депеш Мод француз тілінен - «Мода жаршысы») — 1980 жылы Англияда пайда болған аты аңызға айналған музыкалық топ. Базилдон қаласында құрылған ұжым электрондық музыка саласында өзіндік сарынмен танылған әрі жалпы музыка дамуына үлес қосқан.
Depeche Mode | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанрлары |
Синтипоп, Нью-вейв, Электроник-рок, Индастриал-рок, Альтернативті-рок |
Белсенділік жылдары |
1980 - қазіргі уақыт |
Мемлекет | |
Қайдан |
Базилдон, Англия |
Лейблдері |
Mute, EMI, Reprise, Sire, Virgin, Capitol, Columbia |
Топ құрамы | |
Бұрынғы қатысушылары |
Эндрю Флетчер, Винс Кларк, Алан Уайлдер |
http://www.depechemode.com/ |
Шығармашылығын 30 жыл бойына жалғастырып келе жатқан Depeche Mode құрамы екі рет өзгеріске ұшырады. 1981 жылы тұңғыш күйтабақ шыққанда мүшеліктен шыққан Винс Кларктың (Vince Clarke) топтағы орнын басқан Алан Уайлдер (Alan Wilder) ұжымда 1982-1995 жылдары жұмыс атқарды. 2022 жылы топ негізін қалаушылардың бірі Эндрю Флетчер дүниеден озды. Топ құрылған кезден бастап мүше болған Дэйв Гэан мен Мартин Гор белсенді жұмыс жасап келеді.