Dong Bang Shin Ki
From Wikipedia, the free encyclopedia
Dong Bang Shin Ki (동방신기; Дон Бан Шин Ки/Тоң Баң Син Ги) — Оңтүстік Корея поп-тобы, бүгінгі күні Азиядағы әйгілі поп-топтардың бірі. Алғашында ұжым бес қатысушыдан тұратын: Юноу Юнхо, Хиро Джэджун, Сиа Джунсу, Микки Ючхон және Макс Чханмин.
Dong Bang Shin Ki TVXQ 東方神起 | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Белсенділік жылдары | |
Мемлекет | |
Қайдан | |
Басқаша атауы |
동방신기 Dong Bang Shin Ki |
Өлеңдерінің тілдері | |
Лейблі |
S.M. Entertainment |
Топ құрамы |
Юноу Юнхо |
Бұрынғы қатысушылары |
Хиро Джэджун |
http://tvxq.com/ |
2010 жылдан бастап топ құрамы дуэтке дейін азайды. Олардың әуені — бұл поп-музыка, R&B, хип-хоп барлығының араласып келген түрі, рок әуендер болса аз кездеседі.[2]
«Dong Bang Shin Ki» (DBSK) (хангыль: 동방신기, ханчча: 東方神起) тобының атауы «Шығыстың біртума құдайлары» деп аударылады. Сонымен қатар олар «Dong Fang Shen Qi» (Dōngfāngshénqǐ) және «Tong Vfang Xien Qi» (TVXQ) тобы ретінде қытайлық жанкүйерлеріне, ал Жапонияда «Tohoshinki» (THSK) тобы ретінде белгілі.[3]
2008 жылы 16-шы «Purple Line» жапон синглынің шығарылымымен байланысты Орикон чартында дебютқа шықты (яғни, бірден ән шыға салысымен бірінші орынды иеленді), DBSK тобы синглы «нөмір бір» орнын иеленді, осымен бесінші жапондық емес, азиаттық және тек қана жігіттерден құралған шетелдік топ ретінде әйгілі болды.
23-ші «Dōshite Kimi o Suki ni Natte Shimattandarō» атты сингл шығарылған соң, жарыққа шыға салысымен чартта тек қана бірінші орынды иеленген қатарынан 3 синглдері жаңа рекорд орнатты. 2009 жылы 25-ші «Bolero» атты сингл жарық көріп, өздері орнатқан рекордтан да асып түсті.
Осылайша, DBSK тобы алдыңғы қатардығы жапондық емес әншілер атанып, апталық Ориконда «нөмір бір» деген мәртебелі 5 синглдың иегері атанды.[4][5]
2010 жылы ақпан айында алғашқы жапондық әндер жинағы жарық көріп, бірінші аптасында-ақ 413.000 көшірмесі сатылып кетті. Бұл DBSK-лықтар үшін бірінші аптада ғана қол жеткізген қыруар сатылымдары үшін шетелдік орындаушылар арсындағы орнатқан тағы бір жаңа рекордтары болды. 1995 жылы тіркелген (379.000 көшірме) Бон Джовидің жеткен рекордынан анағұрлым асып түсті.
Соттық тергеуден кейін DBSK тобының 3 орындаушысы (Хиро Джэджун, Сиа Джунсу, Микки Ючхон) Жапонияға 2010 жылы «JYJ» триосы ретінде қайта бастады. Ал кейінірек, қазан айында ағылшын тіліндегі «The Beginning» атты әндер жинағы жарық көрді. Бұл кезде топтың қалған екі орындаушылары Юноу Юнхо мен Макс Чханмин әлі «SM Entertainment»-пен келісім-шартта жүрген еді, топтың бастағы «Dong Bang Shin Ki» атауымен музыкалық мансапты жалғастыра берді. Топқа жаңа орындаушы қабылданбайды және ол квинтеттен ресми түрде дуэтке айналады деп хабарлады. Бұл топтың алғашқы корейлік «Keep Your Head Down» атты әндер жинағы 2011 жылдың 5 қаңтарында жарық көрді, ал алғашқы жапондық сингл — 2011 жылдың 26 қаңтарында жарық көрді.