My Heart Will Go On
From Wikipedia, the free encyclopedia
«My Heart Will Go On» — Селин Дион орындайтын ән, Титаник фильмінің басты музыкалық тақырыбы. Сөзін Уилл Дженнингс, музыкасын Джеймс Хорнер жазған.
1997 жылы Селин Дионның Let's Talk About Love альбомы құрамында шығып, бұл ән көптеген елдердің чарттарынан топ жарды. Жеке сингл ретінде 1997 жылдың 8 желтоқсанында (Аустралия мен Германияда) және 1998 жылдың қаңтар мен ақпанында (басқа елдерде) жарияланып, ол 1998 жылдың ең көп сатылған синглі болып шықты. Жалпы, синглдің сатылымы 18 миллион данадан асып, ол барлық уақыттың бестселлер синглдері қатарына енді.
Бұл ән әртүрлі сыйлықтарға, оның ішінде «Оскарға», ие болды. 2004 жылы Америкалық кино институты бұл әнді өзінің «100 жыл... 100 ән» тізіміне енгізіп, оны фильмдерде ойнайтын әйгілі әндердің ішінде #14 орынға орналастырды. MTV бұл әнді 90-шы жылдары шығарылған үздік әндердің ішінде #6 орынға қойды.