Rolling Stone журналы бойынша әлемнің барлық уақыттағы үздік 100 орындаушысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
2004 жылы Rolling Stone журналы «Мәңгі өмір сүрушілер: әлемнің барлық уақыттағы үздік 50 орындаушысы» (ағыл. The Immortals:The Fifty Greatest Artists of All Time) атты мақаласын жариялады. Тізім рок-н-роллдың 50-жылдығына арнайы дайындалған болатын. Журнал редакциясының ойына сүйенсек, рок-н-ролл 1954 жылдың 5 шілдесінде, Элвис Пресли өзінің That's All Right әнін жазған күні пайда болған. Дауыс берушілер қатарында танымал әншілермен қатар беделді музыкалық сыншылар да болған: Нил Даймонд, Dr. John, The Edge, Арт Гарфанкел, Дон Хенли, Крисси Хайнд, Moby, Кит Ричардс, Карлос Сантана, Брюс Спрингстин, Квентин Тарантино, Пит Тауншенд және т.б.
Кейбір жеке әнші туралы өз анықтамаларын қазіргі заманның танымал өнер иелері қалдырған болатын. Мысалы, Бритни Спирс Мадонна туралы, ал Элтон Джон Литл Ричард туралы жазған. 2005 жылы журнал «Мәңгі өмір сүрушілер: әлемнің барлық уақыттағы үздік 100 орындаушысы» (ағыл. The Immortals:The 100 Greatest Artists of All Time) мақаласын жазу арқылы «мәңгі өмір сүруші» әртістер тізімін кеңейтті.