VI Генри (Англия королі)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Генрих VI (ағылш. Henry VI, фр. Henri VI; 6 желтоқсан 1421, Виндзор қамалы, Оңтүстік-Шығыс Англия — 21 мамыр 1471, Тауэр) — Ланкастер әулетінен шыққан Англияның үшінші және соңғы патшасы (1422 - 1461 және 1470 - 1471 жылдар). Жүзжылдық соғыс кезінде және одан кейін «Франция королі» атағына сайланған және Францияның елеулі бөлігінде билік құрған барлық ағылшын патшаларының ішінен жалғыз патша (1431 жылы). Ол кішкентай кезінде ағаларының регенттігі тұсында патша атанды. Кейіннен Маргарита Анжуйға үйленіп, толығымен оның ықпалына түсіп қалды. Әйелінің кесірінен ол патша әскерлерінің жеңілісімен, Генрих пен оның ұлының өлімімен және Ланкастер әулетінің құлдырауымен аяқталған Йорк әулетімен соғысты бастады. Көптеген тарихшылар оны ой өрісі тар және әлсіз билеуші ретінде бағалайды, кейбіреулері оны ақылы кем деп санайды. Қайырымдылық және шүленгерлікпен белсене араласты, шіркеуді, әдебиет пен өнерді дамытуға үлес қосты.
Генрих VI ағылш. Henry VI | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
31 тамыз 1422 — 4 наурыз 1461 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 6 желтоқсан 1429, Уэстминстер аббаттығы | |||
Регент | Джон Бедфорд (1422 — 1435), Хамфри Глостер (1422-1437) Ричард Йорк (1454-1455, 1455-1456, 1460) | |||
Ізашары | Генрих V | |||
Ізбасары | Эдуард IV | |||
| ||||
Ізашары | Эдуард IV | |||
Ізбасары | Эдуард IV | |||
| ||||
21 қазан 1422 — 19 қазан 1453 | ||||
Ізашары | Ессіз Карл VI | |||
Ізбасары | Карл VII | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | католицизм | |||
Дүниеге келуі | 6 желтоқсан 1421 (1421-12-06) Виндзор қамалы | |||
Қайтыс болуы | 21 мамыр 1471 (1471-05-21) (49 жас) Тауэр | |||
Жерленді | Әулие Георгий шіркеуі | |||
Династия | Ланкастерлер | |||
Әкесі | Генрих V | |||
Анасы | Екатерина Валуа | |||
Жұбайы | Маргарита Анжуй | |||
Балалары | Эдуард Уэстминстер | |||
Қолтаңбасы | ||||
Марапаттары | Алтын раушан | |||
Генрих VI Ортаққорда | ||||
өңдеу |