Жұлдыздар жүйесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұлдыздар жүйесі — бір-бірімен гравитациялық байланыста болған бірнеше жұлдыздың жүйесі.
Екі жұлдыздан тұратын жүйені қосаржұлдыз деп атайды. Екі жұлдыздан көп болса, бұл еселік жұлдыз болады.
Еселік жұлдыздар арасында көбінесе үш жұлдыздан тұратын жүйелер кездеседі. Әдетте, олардың екеуі қосаржұлдызды құрайды, ал үшінші жұлдызы алшақтау орналасады, бірақ үшеуі де бір массалар центрін айналады.[1]