Василий Васильевич Терентьев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Терентьев Василий Васильевич (13.1.1932 жылы туған, Ресей, Бурят АКСР-і, Мухоршибир ауданы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985).
Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1958).
Жамбыл мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе стандартында аға ғылыми қызметкер (1958–62), 1962 жылдан Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1984 жылы «Научные основы и практические приемы создания и совершенствования кроссбредных овец в Западном Казахстане» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері қой шаруашылығы мәселелеріне арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.[1]