Оммаж
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оммаж (фр. hommage), немесе гоминиум (лат. homagium немесе hominium) — феодал дәуіріндегі символдық сипаттағы салтанаттардың бірі; орта ғасырлардағы Батыс Еуропада вассал келісіміне қол қойған ант; қарусыз болашақ васалдың бір тізеге тұрып және жалаңбас (екі тізесін тек құлдар мен басыбайлы шаруа жерге тигізген) вассалдыққа алу туралы өтінішімен сюреранның қолына біріккен алақанын қояды. Сюзерен оны көтереді де олар бір-бірінің бетін сүйеді.
VIII ғасырдан бастап оммаж адалдық анты - фуамен бірге үйлесті.
XI ғасырға дейін оммаж бен фуаның арқасында мырза мен вассалдың арасындағы қарым-қатынас негізінен жеке сипатта болды, кейінірек екі салтанат, әдетте, бірге - мырзаның вассалға феод (лена) беруіне негіздеді.