Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы. Моңғол-татар үстемдігі орыс жерінің шаруашылығын күйзеліске түсірді. Феодалдық бытыраңқылық сақталды, жеке кінәздер халықтан салық жинап, Моңғол жаулап алушыларына алым төлеп отырды. XIV-XV ғасырлар аралығында орыс жерінде феодалдық қатынас тереңдеп, ауыл шаруашылығында өндіргіш күштер дами бастады. Өндіргіш күштің дамуына егін шаруашылығының жаңаша, үш танапты әдіспен жүргізілуі, мал санының өсуі, қолөнердің дамуы, біртіндеп тауарлардың артық өндірілуі әсер етті. Су диірмендерінің күшімен ұн көп өндіріле бастады. Су күшін тек ауыл шаруашылығында ғана емес, қалалардағы цехтық өндірісте де пайдалана бастады. XIII-XIV ғасырлар аралығында орыс жерінде феодалдық жер иеліктері күшейе бастады. Феодалдар қауымдық жерді тартып алып, шаруаларды кіріптарлыққа түсірді. Шіркеулер де ірі жер иелеріне айнала бастады. Шіркеудің саяси биліғі артып, Алтын Орда ханынан бірқатар жеңілдіктер алып отырды. Ірі шіркеу шаруашылықтары құрылды. XIV-XV ғасырларда жеке феодалдармен қатар, мемлекеттік жер иеліктері де болды. Мемлекеттік жерде жұмыс істейтін шаруаларды «қаралар» деп атады. Олар мемлекеттің пайдасына, кінәз қазынасына алым төледі, қала бекішстерін салуға және жөндеуге қатысты. Жәмшік қызметін, сонымен бірге үй ішілік жұмыстарды да атқарды. Бұлардан басқа «үйреншіктілер», «құны өтелгендер», «келімсектер», «қарыздарлар», «жартыкештер» (түсімнің жартысьш төлеушілер) т. б. тәуелді шаруалар тобы болды.
Феодалдар шаруаларды басыбайлы етуге тырысты. Жер иеленудің жаңа шартпен ұстау формасы қалыптасты. Кінәз өзіне қызмет еткені үшін ерекше шартпен феодалдарға жер иелігін - поместье беретін болды. Поместье иелері помещиктер деп аталды. Помещик алған жер иелігі үшін кінәзға әскери қызмет атқаруға міндеттенді. Феодалдың қызметі тоқтатылған жағдайда, кінәз поместье жерін алып қоюға ерікті болды. Қала және қолөнердің дамуы. Моңғол-татар шапқыншылығы жылдарында киратылған калалар қалпына келтіріліп, өндіріс пен сауданың орталығына айнала бастады. Қаланың өсуі қолөнердің қайта дамуына қолайлы жағдай жасады. Ежелгі шағын темір балқытатын пештер жұмысы жетілдіріліп, қалаларда темір қүю ісі дамыды. Қолөнердің дамуының арқасында қалада ауыл адамдарына қажетті бұйымдар көптеп өндіріле бастады. Зергерлік, құмыра жасау кәсібі кең дамыды. Феодалдық қалалар біртіндеп ірі сауда орталығына айнала бастады. Орыс жерінің ірі қалалары - Мәскеу, Тверь, Кострома, Новгород, Псков, Смоленск, Витебск қайтадан көтеріліп, ірі орталықтарға айналды. Орыс саудагерлері өздерінің тауарларын Алтын Орда астанасы Сарай-Бату қаласына апарып сатып, олардан шетел, әсіресе Үнді, Иран, Қытай тауарларын сатып алып отырды. Әрбір орыс қаласында сауда-саттық орындары көбейе бастады. Бұл феодалдық қатынастың орнығып, шаруашылықтың өркендеуіне, орыс жеріндегі ішкі байланыстың дамуына, натуралды томаға-тұйық шаруашылықтың ыдырап, ақша-тауар қатынасы қалыптаса бастауына мүмкіндік жасады. Бұл процесс орыс жерінің бірігуіне алғышарттар тудырды. Саяси басқару жүйесі. Моңғол-татар үстемдігі жылдарында орыс жерінің саяси басқару жүйесінде айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Бытыраңқы орыс жері бірнеше удельдік кінәздіктерден тұрды. Кінәздіктермен қатар, ұлы кінәздіктер құрылды. Мәскеу, Тверь, Рязань үлы кінәздіктеріне үлестік кінәздіктер (өзіндік жер үлесі бар шағын кінәздіктер) бағынышты болды.
Іс-қағаз жүргізуші дъяк және гюдьячий деген қызметтер қалыптасты. Бұл ар бюрократтық кеңсе қызметкерлеріне айналды. Моңғол-татар шапқыншылығына аз ұшыраған солтүстік-батыс орыс жерінің боярлық басқару жүйесі сақталынды. Негізгі мәселелер боярлар думасында шешілді, сонымен қатар әкімшілік, кеңсе және сот мәселелері шіркеу архиепископтарының қолында қала берді. Новгород пен Псков жерінде бюрократтық сот әкімшілігі қалыптасып, бірқатар сот заңдары шығарылды. Орыс жерінің саяси билігі біртіндеп Мәскеу кінәздігіне ауыса бастады. Бұл процесс Мәскеукінәздігінің күшеюіне, орыс жерін біріктіруге негіз қалады.