Палестина (тарихи аймақ)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Палестина (көне грекше: Παλαιστίνη [Palaistinê]; арам. פלשת [Pelešet]; ивр. ארץ פלשת — Филистия; лат. Palaestina[1]; араб.: فلسطين — Фаластын) — Таяу Шығыстағы тарихи аймақ. Аймақтың шекарасы шамамен қазіргі Газа секторының аумағын, Израильді, Голан шыңдарын, Иордан өзенінің батыс жағалауын және Иорданияны, Ливанның да, Сирияның да бөліктері — Жерорта теңізінің жағалауындағы Сидоннан солтүстік бөлігінде Дамаскіге дейін, оңтүстігінде Рафахтан Акаба шығанағына дейін қамтиды. Синай түбегі әдетте жеке географиялық аймақ болып саналады[2].