Қоқиқаздар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қоқиқаздар (лат. Phoenicopterus) — құстардың қырлы төсті құстар тармағының қоқиқаздар тұқымдасына жататын құстар туысы, дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар.
Quick Facts Қоқиқаздар, Ғылыми топтастыруы ...
Қоқиқаздар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қоқиқаздар
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Қоқиздарның ғаламдық таралуы
| ||||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||||
Мәтінді қара |
Close
Қоқиқазтәрізділер сабы (лат. Phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. Phoenicopteridae) жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.
Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.