Construction Time Again
From Wikipedia, the free encyclopedia
Construction Time Again (ағылшынша Қайта келген құрылыстың кезі) — Depeche Mode тобының үшінші студиялық күйтабағы. 1983 жылы 22 тамызда шыққан бұл альбомда топ шығармашылығында елеулі өзгерістер көрініс тапты. Айталық, мұнда Мартин Гор бастаған музыканттар өз өнерінде күнделікті өмірде және өнідіріс орындарында кездесетін дыбыстарды қолдана бастады. Топ әуезінің «қатаюымен» өлеңдер мәтіні де тереңдей түсті. Күйтабақтың ілкі синглы «Everything Counts» трансұлттық корпорациялардың жалмауыздығы жайында болса, «The Landscape Is Changing» өлеңі экологиялық мәселелерден сыр шертті.
Construction Time Again | ||||
Студиялық альбом Depeche Mode | ||||
---|---|---|---|---|
Шыққан жылы |
22 тамыз 1983 жыл | |||
Жазылды |
сәуір-шілде 1983 | |||
Жанры |
Синтипоп, индастриал | |||
Продюсері |
Дэниел Миллер | |||
Ел | ||||
Өлеңдердің тілі | ||||
Лейблі |
Mute | |||
Кәсіби пікірлер | ||||
Depeche Mode хронологиясы | ||||
|
Сондай-ақ осы Construction Time Again шыққан сәтте Depeche Mode трио емес, квартет болып құрылды - ұжымға Алан Уайлдер келіп қосылды. Осындағы «Two Minute Warning» пен «The Landscape Is Changing» Аланның туындылары болып табылады.