Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы немесе КОКП (орыс. Коммунисти́ческая па́ртия Сове́тского Сою́за) – Кеңес Социалистік Республикалар Одағында, билігін жүргізген саяси партия.
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы (КОКП) | |
Коммунистическая партия Советского Союза (КПСС) | |
Басшысы |
КОКП ОК Бас (Бірінші) хатшысы |
---|---|
Негізін салушы |
Владимир Ильич Ленин (негіздеуші) |
Құрылған жылы |
РСДЖП |
Таралған жылы | |
Штаб-пәтері | |
Идеологиясы |
марксизм, марксизм-ленинизм, большевизм, социализм, коммунизм |
Интернационалы |
|
Жастар ұйымы |
БЛКЖО (комсомол) |
Мүшелер саны | |
Ұраны |
Пролетарии всех стран, соединяйтесь! |
КСРО халықтық депутаттарының съезінде |
1957 / 2250 |
Әнұраны |
Интернационал, сондай-ақ бей ресми әнұраны - большевиктер партиясының әнұраны |
Партиялық мөр | |
Тұлғалар |
Санаттағы партия мүшелері (118 адам) |
РСДЖП — РСДЖ(б)П — РК(б)П — БК(б)П — КОКП |
Партия тарихы |
Партиялық ұйым |
Партия басшылары |
Жарғы Орыс партиясы |
1920 жылдардың басынан бастап 1990 жылдың наурыз айына дейін партия (әртүрлі атаулар - РК(б)П, БК(б)П, КОКП) біржақты жүйе бойынша жұмыс істеді және елдегі тоталитарлық автократиялық режимді құруға ықпал еткен саяси билікте монополиялық құқыққа ие болды. Бұл мәртебе конституциялық тұрғыда бекітілген: 1936 жылғы Конституцияның 126-бабында Коммунистік партия мемлекеттік және қоғамдық жұмыскерлердің «басқару орталығы» деп жарияланды, ал 1977 жылы қабылданған КСРО-ның Конституциясында КОКП кеңестік қоғамның басқарушы және бастаушы күші деп жарияланды. 1990 жылы партияның саяси билікке жүргізген конституциялық монополиясы жойылды, алайда КСРО Конституциясында КОКП, тіпті, жаңа редакциясында басқа саяси партиялар арасында да бөлек айтылды.
1991 жылы 19-21 тамыздағы оқиғалар КОКП-ны антиконституциялық іс-әрекеттерге айыптауға негіз болды. РКФСР Президентінің 1991 жылғы 6 қарашадағы № 169 Жарлығымен КОКП және оның РКФСР КП республикалық ұйымы қызметін тоқтатты, ұйымдық құрылымдар таратылды, мүлік тәркіленді. Алайда, РФ-ның Конституциялық Соты 1992 жылғы 30 қарашада № 9-П сот бұйрығымен КОКП - РКФСР КП-ның бастапқы ұйымдарының қызметіне тыйым салуды конституциалық емес деп таниды. Іс-шаралар жалпыға бірдей ұйым мәртебесінің құлдырауына және жоғалуына байланысты тоқтатылды.